365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жоғалған баланы іздестіру жұмысына әскерилер жұмылдырылды

  • 381
  • UPD: 14:02, 25.07.2018

Алматы облысының Жамбыл ауданында 10 күн бұрын жоғалып кеткен 7 жасар Ернұр Сәдуақасты тікұшақпен іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді.

Сондықтан бұл іске әскерилер мен иісшіл иттер жұмылдырылды. Қазір 40 әскери, 40 полиция қызметкері және еріктілер мен жергілікті ветеринарлық қызметтен барлығы 110 адам тау-тасты кезіп, мал дәрігерлері жақын маңайдағы бүкіл қашарларды аралауға кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілде күні Жамбыл ауданындағы Ынтымақ ауылынан шығып, «Кіші саз» жайлауына бет алған бес баланың бірі тау ішінде із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Содан бері бала әлі табылмады. Ұшты-күйлі жоқ. Сондықтан төтеншеліктер жазғы демалыс кезінде ата-аналардан балаларына мұқият қарауын сұрап отыр.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысының Жібек жолы ауылы су тапшылығын көріп отыр «Президенттік миль» спорттық акциясы Шымкентке жетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы