374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Президенттік миль» спорттық акциясы Шымкентке жетті

  • 171
  • UPD: 14:34, 25.07.2018

Жергілікті «Ордабасы» футбол командасы оған барынша қолдау білдіріп, бұқаралық жүгіру ұйымдастырды.

Шараға клуб басшылығы аяқдопшылар, бапкерлер және «Ордабасы» футбол орталығының жас шәкірттері қатысты. Қазақстан футбол федерациясының бұл бастамасы Астананың 20 жылдығына арналады және еурокубокторға қатысып жатқан қазақстандық клубтарға қолдау білдіру үшін өткізіліп отыр. Бұған дейн бұл акцияға оралдық «Ақжайық» пен қызылордалық «Қайсар»  командалары қатысты. Эстафетаны іліп әкеткен «Ордабасы» енді оны жалғастыруды «Атырау» командасына сеніп тапсырды.

Клуб президенті Бахтияр Байсейітовтың айтуынша, бұл бастама тек отандық футболды ғана емес, елдегі бұқаралық спортты дамытуға керемет үлес қосады.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында жоғалған баланы іздестіру жұмысына әскерилер жұмылдырылды ШҚО-ның Ұлан ауданында орман өртеніп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы