368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Ұлан ауданында орман өртеніп жатыр

  • 197
  • UPD: 14:23, 25.07.2018
ШҚО-ның Ұлан ауданында орман өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында 30 гектарға жуық орман алқабы жанып жатыр.

Сол маңдағы орманшылардың айтуынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы ақпарат кешке түскен. Қазір оны сөндіруге  160-тан астам адам жұмылырылды. Табиғаттты тілсіз жаудан қорғауға  орман шаруашылығының қызмектерлері де  белсене көмектесуде. Жер бедерінің қиындығына орай өрт толықтай қолмен сөндіріліп жатыр.

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Ол аудандағы ауыл-аймаққа келер қауіп жоқ. Өйткені орман жалындап емес әр жерден білтеленіп өртеніп жатыр. Таулы-тасты аймақ болғандықтан қозғалыс қиындап, уақыт алуда. Дегенмен, құтқарушылар мен орманшылар өртті сөндіру үшін жанталасуда.

Осы категория бойынша: « «Президенттік миль» спорттық акциясы Шымкентке жетті Қапшағай қаласына экологиялық апат қаупі төніп тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы