365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз халықаралық әскери ойындарға қатысады

  • 230
  • UPD: 15:25, 25.07.2018
Еліміз халықаралық әскери ойындарға қатысады

Қазақстандық офицерлер халықаралық әскери ойындардың 14 байқауында бақ сынайды. Биыл 28 ойын түрі әлемнің 7 мемлекетінде өткізіледі.

Құрама команда сапындағы 300 сардар еліміз бен қарулы күштеріміздің намысын қорғауға қамданып жатыр. Ресейдің «Авиадартс-2018» байқауына әскери ұшқыштарымыздың ішінен үздіктері және инженерлік-авиациялық құрам іріктеліп алынған. Сондай-ақ, жауынгерлік жабдықтар, әскери кеме, танк, өзге де жарысқа қажет барлық техника сақадай сай. Сайыстар үш кезеңнен тұрады.

Еске сала кетейік, халықаралық әскери ойындардың Қазақстандағы ашылу салтанаты 1 тамызда өтеді.

Ғалымжан Сабыр, танк командирі, аға лейтенант:

- Осы жарысқа 23 мемлекет қатысып отыр. Сол мемлекеттердің арасында бізге басты қарсылас Ресей командасы және Қытай командасы деп білеміз. Осы жарысқа үлкен дайындықпен келдік. Біздің мақсатымыз 1-орын алу.

Осы категория бойынша: « Қапшағай қаласына экологиялық апат қаупі төніп тұр Өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеген қостанайлық өтемақы талап етті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы