365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «100 жаңа есім» жалпыұлттық жобасының екінші кезеңі басталды

  • 745
  • UPD: 19:49, 25.07.2018

Яғни «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамда өзінің белсенділігімен танылып, түрлі салада жетістікке жеткендер іріктеледі.

Сол арқылы олардың өмір жолын көпшілікке насихаттау көзделіп отыр. Жалпы, жұмыс тобы үздіктер тізімін бекіткен соң, халықтың дауыс беруі онлайн түрде жүргізіледі.

Айта кетейік, жоба осыдан бір жыл бұрын Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен жүзеге асқан. Оған қатысушы үміткер жасы 18-ден асқан Қазақстан азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ ол өзін-өзі ұсына алмайды. Арнайы мекеме немесе үкіметтік емес ұйым үміткерді жобаға қатысушы ретінде тіркеп, игі істерін таныстырады.

Асхат Оралов, ҚР Қоғамдық даму министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры:

- Қыркүйектің онына дейін өтініштер, ұсыныстар қабылдаймыз. 20-сынан бастап қазанның 10-ына дейін Қазақстанның әр азаматы дауыс бере алады. Сол арқылы жыл аяғына дейін «100 жаңа есімнің» жобасын аяқтап, халыққа жария етеміз. Ол да бір азаматтарымызға белсенділігін арттыруға шабытын береді деп отырмыз.

Тағы бір ерекшелік, биыл жұмыс тобының құрамына Қоғамдық даму министрлігі жастар саясаты жөніндегі департаментінің өкілі еніп, кіші буын арасында белсенділікті арттыруға баса көңіл бөлініп отыр. Сондықтан биыл «100 жаңа есімнің» тізімінде олардың қатары көп болады деген сенім бар.

Осы категория бойынша: « Анықтамаларды смартфон арқылы алуға болады Ішкі істер органдарының мұражайы жаңғыртылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы