365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдегі 12 мыңнан аса мүлік рәсімделді

  • 138
  • UPD: 20:00, 25.07.2018

Қазақстандықтар 69 елдегі 12 мыңнан аса жылжымайтын мүлікті рәсімдеді.

Оның басым бөлігі Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Францияда орналасқан. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Салық салу әдіснамасы департаментінің директоры мәлім етті. Қайрат Жолмұхамбетовтің айтуынша,  өткен жылы 68 мыңнан астам адам декларация толтырған.  Оның ішінде 27 мыңы қаржысын рәсімдеді. Сондай-ақ Кірістер комитеті экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сай шаралар қабылдап жатыр. Осы мақсатта халықаралық ұйыммен ынтымақтастықтың жол картасы жасалды. Оның негізі – Страсбургте бекітілген салықтық мәселелер бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция. Оған қатысушы елдердің салық органдары ақпарат алмасу тәжірибесінің тиімділігін арттыруды көздейді.

Қайрат Жолмұхамбетов, ҚР ҚМ МКК Салық салу әдіснамасы департаментінің директоры:

- Конвенция ережелеріне сай қатысушы елдердің аумағында салық қарыздарын алу мәселесінде көмек көрсету туралы өзара міндеттемелер қарастырырылады. Страсбург конвенциясы мүдделі әрбір елдің аумағында бір мезіглде салықтық тексеру жүргізудің құқықтық негізін белгілейді. Ал қажет жағдайда, еліміздің салық қызметінің өкілі конвенцияға мүше елде жүргізілетін салықтық тексерулерге қатыса алады.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында дәрігерлер бала сатпақ болды Қазақстандықтар отандық көліктерді сатып алуға 71 миллиард теңге жұмсаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы