Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
367,27 419.40 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Арми-2018» әскери ойындарына 23 ел қатысады

  • 490
  • UPD: 19:56, 25.07.2018

Қазақстандық сарбаздар халықаралық әскери ойындарға дайындалып жатыр.

Бұл байрақты бәсекеде еліміз бен Қарулы күштеріміздің намысын 300 сардар қорғайтын болады. Жалпы, дәстүрлі «Арми-2018» әскери ойындарына биыл 23 мемлекет өкілдері қатысады. Жерлестеріміз байқаудың 14-інде бақ сынайды.

«Арми-2018» әскери ойындары – сарбаздардың біліктілігін шыңдап, қарым-қабілетін көрсететін жауапты сын. Өйткені Отан қорғаушылар қандай қиындыққа да төтеп беруі тиіс. Бұл тұрғыда Қазақстан құрама командасы ел намысын лайықты қорғап келеді. 

Ғалымжан Сабыр, танк командирі, аға лейтенант:

- Осы жарысқа 23 мемлекет қатысып отыр. Сол мемлекеттердің арасында бізге басты қарсылас Ресей командасы және Қытай командасы деп білеміз. Осы жарысқа үлкен дайындықпен келдік. Біздің мақсатымыз – бірінші орын алу.

Әскери ойындар Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Қытай сынды 7 мемлекетте өтеді. Қазір сардарларымыз сол елдерде дайындығын пысықтап жатыр. Жауынгерлік жабдықтар, әскери кеме, танк, өзге де жарысқа қажет барлық техника сақадай-сай.

Дәулет Оспанов, ҚР ҚК бас штабының департамент бастығы:

- ҚР Қарулы күштері 28 ойынның 14-іне қатысады. Жігіттеріміздің дайындығы күшті. Кіл мықтыларды іріктеп алдық. Барлығы еліміздің намысын қорғауға бара жатқанын біледі. Біздің әскеріміздің әлеуеті мықты.

Осымен оныншы рет өтетін әскери доданың ауқымы кең. Оның бір бөлігі елімізде ұйымдастырылады. Еске сала кетейік, «Арми-2018» ойындарының Қазақстандағы ашылу рәсімі 1 тамызға жоспарланған.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Осы категория бойынша: « Қазақстандықтар отандық көліктерді сатып алуға 71 миллиард теңге жұмсаған Алматыда соңғы 10 жылда қылмыс көрсеткіші төрт есе өскен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы