367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 40 мыңға жуық ипотека қайта қаржыландырылады

  • 204
  • UPD: 21:31, 25.07.2018
Қазақстанда 40 мыңға жуық ипотека қайта қаржыландырылады

Ұлттық банк ипотекалық қарыз алған азаматтарды қолдау бағытындағы іс-шараларды жалғастырады.

Осы жылдың 1 шілдесіне дейін банктер мемлекеттік бағдарлама бойынша 24 мың 500-ге жуық өтінімді мақұлдады. Қайта қаржыландыруға 152 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. 22 мыңнан аса  қарыз қайта қаржыландырылды. Жалпы 2026 жылға дейін 40 мыңға жуық қарызды қамту көзделген.  

Айта кетейік, елімізде ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы үш жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба 2004-2009 жылдары ипотека алып, проблемалық жағдайда қалған борышкерлердің баспанасын сақтап қалуға бағытталған. Сол кезде бұл мақсатқа 130 млрд теңге бөлініп, несиені төлеу мерзімі 20 жылға дейін ұзартылған болатын.

Осы категория бойынша: « БҚО-да жауыннан 20 шақты үйге су кірді Еліміз жолдардың сапасы бойынша халықаралық рейтингте 108-орынға табан тіреді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы