374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жолақы қымбаттайды

  • 170
  • UPD: 21:41, 25.07.2018
Ақтөбеде жолақы қымбаттайды

Жергілікті билік әзірге қоғамдық көлік ақысының қашан өзгеретінін дөп басып айта алмай отыр.

Алдымен тасымалдаушылар тиісті талаптарды орындап, қызмет көрсету сапасын арттыруы тиіс. Сондай-ақ автобус билетінің бағасы электрондық жүйеге өткесін өзгеруі мүмкін. Әзірге жаңа жүйе орнатыла қоймаған. Бірақ күз айларынан бастап тестілік режимде пайда болады. Ақтөбеде жол ақысы 55 теңге екендігін айта кеткен жөн. Ал оның қанша теңгеге көтерілетіндігі қоғамдық тыңдаулардан кейін белгілі болады.

Руслан Төреғали, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі:

- Бұл көтеру мәселесі ол әкімшілік тарапынан, біздің тарапымыздан шешілетін шаруа емес. Мұның бәрін комиссияға жібереміз. Комиссиядан кейін қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер талқылап, өз нәтижелерін беретін болады.

Осы категория бойынша: « Еліміз жолдардың сапасы бойынша халықаралық рейтингте 108-орынға табан тіреді Астанада 4 күнде автобустарға арналған 100 мыңнан астам төлем картасы сатылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы