374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада көкөніс арзандаған

  • 152
  • UPD: 23:48, 25.07.2018
Елордада көкөніс арзандаған

Өткен аймен салыстырғанда қырыққабаттың бағасы – 38%, картоп – 14%-ға, пияз 6,3%-ға төмендеген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері баға мониторингін тұрақты жүргізеді.

Өткен аймен салыстырғанда қырыққабаттың бағасы – 38%, картоп – 14%-ға, пияз 6,3%-ға төмендеген. Ал қант бағасы 0,4%-ға арзандаған. 

«Баға төмендеуі негізінен биылғы өнімді жинауға тікелей байланысты. Мысалы, картоп, пияз және қырыққабаттың көтерме бағасы 2 есеге төмендеді», – делінген ресми ақпаратта. 

Ведомствоның ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 300 тонна картоп, 339 тонна қант, 254 тонна күріш, 260 тонна қарақұмық жұмсалған.

Маусым айынан бастап кесте бойынша дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі жүргізіледі.

Мәселен, осы кезге дейін Түркістан және Қарағанды облыстарының қатысуымен3 жәрмеңке өткізілген, онда 900 тоннадан астам өнім сатылған, ең алдымен ет және сүт өнімдері және көкөніс пен жеміс.

4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтеді.

Осы категория бойынша: « Атырау облысында бекіре шабақтары табиғи өрісін тапты Биыл Шымкенттегі мыңнан аса көпқабатты үй жылусыз қалуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы