364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында Шет ауданының 90 жылдығы атап өтілді

  • 514
Қарағанды облысында Шет ауданының 90 жылдығы атап өтілді

Қарағанды облысындағы Шет ауданының құрылғанына 90 жыл.

Мерейтой сол ауданның Жарылғап батыр ауылында «Ауылым – алтын бесік, ақ босағам» атты шарамен аталып өтті. Дүбірлі той «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Мерейлі күнге жан-жақтан жиналған осы ауылдың тумалары туған өлкелерін өркендету мәселелерін ортаға салып, жобаларды талқылады. Бұл жолы ауылдағы мәдениет үйін жөндеуге 1 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта мектеп те күрделі жөндеуден өткізілмек. Шара аясында Жарылғап батыр ауылының еңбегі еленген азаматтары құрмет грамотасына ие болды. Мерекелік кеш ауыл жастары арасында футболдан өткен жарыспен жалғасты.

Тілеген Садықов, Жарылғап батыр ауылының тумасы:

– Осының бәрі ауыл тіршілігінің жақсы екенін білдіреді. Туған елдің Жарылғап батырдың есіміне сай болып жатқаны қуанышты.

Осы категория бойынша: « Биыл Шымкенттегі мыңнан аса көпқабатты үй жылусыз қалуы мүмкін Ақтау тұрғыны жартастың бойымен жол салу жұмыстарын тоқтатуды сұрап отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы