365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балаларға арналған «Жұлдыз» бағдарламасы шетелдіктердің қызығушылығын тудыруда

  • 318
  • UPD: 11:15, 26.07.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы алғашқы кезеңін аяқтап, жеңімпаздардың тізімін жариялады.

Жалпыға бірдей онлайн-дауыс беру нәтижесінде барлығы 102 адам жеңімпаз атанды. Іріктеу кезінде 340 мыңнан астам азамат өздері таңдаған тұлғаларға дауыс берген.

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының президенті, «Құрмет» орденінің кавалері және «Алтын патент» иегері – Елена Дмитриенко еліміздегі қоғамдық жұмысқа елеулі үлес қосып жүрген азаматшалардың бірі. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша 49-сатыдан көрінді. Оның айтуынша, бұл жоба – белсенді жастар үшін үлкен мүмкіндік. 

Елена Дмитриенко, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының президенті:

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жобаның жеңімпаздарымен кездескенде, 100 жаңа есімнің қатарында жастардың көп болғанына таң қалдым. Түрлі саланың тізгінін ұстаған қыз-жігіттердің арасында хирургтер, өнер адамдарды, инженерлер, мүмкіндігі шектеулі, бірақ өз өміріне үлкен сеніммен қараған жандар да болды. Бәрі әр салада жүрсе де, бір адамдай елдің абыройын асқақтатып жүрген кәсіби мамандар.

Өмірінің 40 жылын педагогика саласына арнаған білікті маман мектеп жасындағы балаларды білім қабырғасынан тыс жан-жақты дамытумен айналысады. Шетелдік ұстаздардың қызығушылығын туғызған «Жұлдыз» бағдарламасының да басты мақсаты сол. Бағдарлама – өмірден өз орнын табуға ұмтылған, жарқын әрі қайталанбас тұлға болып қалғысы келетін әрбір жанды қамтитын жоба. Осы арқылы ұжымдық, тәрбиелік және бала санасын дамыту жұмыстарын тиімді жоспарлауға болады. Бағдарламаны әзірлеу барысында шетелдегі балалар қозғалысының тәжірибесі ескерілген.

Елена Дмитриенко, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының президенті:

– Бүгінде мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының балаларға арналған бағытына жауаптымын. Осыған байланысты біз елдегі балалар қозғалысын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Жұмыс барысында қазақстандық бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің заманауи талаптары мен ерекшеліктері ескеріледі. Бірінші кезекте, балалар қоғамның толыққанды мүшесі екенін ұмытпайық.

Айта кетейік, «Жұлдыз» бағдарламасы көп жылдан бері балаларды тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде Астана, Алматы және бірқатар облысында кеңінен қолданылып келеді. Бүгінде қоғамдық ұйым халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шаралардың жоспарға сай өтуіне де ұйытқы болып отыр.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Аят Дүйсенбаев

Осы категория бойынша: « Семейлік тұрғын үйінен патша дәуіріндегі монеталарды тауып алды Алматыда ерлі-зайыпты Храпуновтардың соты өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы