365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда жолсеріктер жолаушыларға билеттерді екі есе бағасына сатқан

  • 537
  • UPD: 13:45, 26.07.2018

Атырау теміржол вокзалында билет сату барысында былықтар анықталды.

Аталған келеңсіздікті арнайы мониторинг тобының мүшелері мемлекеттік қызмет істері және іс қимыл агенттігінің жергілікті қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейдтік шара барысында анықталып отыр. Атап айтқанда, кассаларда жоқ билеттерді жолсеріктер екі есе бағасына жолаушыларға саудалап келген. Маусымдық билет тапшылығын өз мүдделеріне пайдаланған жолсеріктер билет құнын бір жарым, екі есеге дейін көтеріп, заңсыз сатуда. Оңай олжаға құныққандардың асқандығы соншалық, олар тіпті тал түсте жолаушылармен ашық саудаласуға дейін барған.

Мәлік Қариев, МҚІСЖІҚА облыс бойынша департамент басшысының орынбасары:

– Осы түрдегі рейдтеріміз алдағы уақытта да жалғасын тауып отырады. Және де рейд нәтижесінде анықталған видео материалдар құзырлы органдарға жолданып, шаралар қолданылады.

Осы категория бойынша: « Алматыда ерлі-зайыпты Храпуновтардың соты өтіп жатыр Қостанай облысында кеншілер жаппай астан уланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы