364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында кеншілер жаппай астан уланды

  • 221
  • UPD: 13:44, 26.07.2018

Қостанай облысында кеншілердің жаппай астан улануына байланысты арнайы штаб құрылып, қазір дәрігерлер мен санитар мамандар тексеріс жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, оқиға Лисаковтағы боксит кен басқармасында болған. Жұмыс орнындағы асханадан тамақтанған бір топ кенші көп кешікпей, медициналық мекемелерге жүгінеді. Дәрігерлерге қаралған 39 кеншінің 38-і ауруханаға жатқызылған. «Науқастарда іш өту, лоқсып-құсу, бас айналу тәрізді сырқат белгілері бар», – дейді мамандар. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ. Ал тамақтану орнынан алынған сынамалар зертханаларда тексеріліп жатыр.

Гүлім Досымова, облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:

– Науқастарға «асқазан-ішек жолдарының жедел қабынуы» диазнозы қойылып отыр. Бұл жұқпалы ауруға жатады, оның он шақты түрі бар. Аурулардың бәрінен медициналық сараптама алынды, зертханалық тексеріс жүріп жатыр. Қорытындысы кейін белгілі болады.

Осы категория бойынша: « Атырауда жолсеріктер жолаушыларға билеттерді екі есе бағасына сатқан Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы