365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда достықты дәріптейтін фотокөрменің қорытындысы жарияланды

  • 131
Қостанайда достықты дәріптейтін фотокөрменің қорытындысы жарияланды

Қостанайда «Біз – бір елдің балаларымыз!» атты фотокөрменің қорытындысы жарияланды.

Әуелде «Бірлік» Әзербайжан этномәдени орталығының бастамасымен жүзеге асқан жоба бүгінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауына ие болып отыр. Осымен екінші рет ұйымдастырылған байқаудың діттегені – отбасы құндылығын, еліміздегі этностар арасындағы достық пен татулықты дәріптеу. Жобаға 10 жасқа дейінгі көп ұлтты отбасында өмірге келген 76 баладан өтініш келіп түскен. Қазылар соның ішінен 25 балғынды іріктеді. Олардың фотолары достық үйінің қабырғасына ілінбек. Жеңімпаз бүлдіршіндерге көпшілік алдында сыйлықтар табысталды.

Гаухар Ақанқызы, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің маманы:

– Көрмедегі 25 баланың суретін көрсеңіздер, олар Қазақстан халқының тату-тәтті өмір сүріп жатқанын бейнелеген. Барлығының өмірбаянымен кітап шығардық.

Осы категория бойынша: « Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті Астанада көкөніс арзандаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы