367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада көкөніс арзандаған

  • 261
  • UPD: 14:13, 26.07.2018
Астанада көкөніс арзандаған old.sochiadm.ru

Астанада өткен аймен салыстырғанда, қырыққабаттың бағасы – 38%, картоп – 14% - ға, пияз - 6,3%-ға төмендеген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері баға мониторингін тұрақты жүргізеді.

«Баға төмендеуі биылғы өнімді жинауға тікелей байланысты. Мысалы, картоп, пияз және қырыққабаттың көтерме бағасы 2 есеге төмендеді», – делінген ресми ақпаратта. 

Ведомствоның ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 300 тонна картоп, 339 тонна қант, 254 тонна күріш, 260 тонна қарақұмық жұмсалған.

Бұдан басқа, сарапшылардың ойыншақалған позициялар бойыншада бағалардың төмендеуі тиіс.

Маусым айынан бастап, кесте бойынша дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі жүргізіледі.

Мәселен, осы кезге дейін Түркістан және Қарағанды облыстарының қатысуымен3 жәрмеңке өткізілген, онда 900 тоннадан астам өнім сатылған, ең алдымен, ет және сүт өнімдері және көкөніс пен жеміс.

4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтеді.

Осы категория бойынша: « Қостанайда достықты дәріптейтін фотокөрменің қорытындысы жарияланды Алматыда көлік айнасын ұрлаған азамат ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы