365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да орақ науқаны басталды

  • 247
  • UPD: 18:07, 26.07.2018

Шығыс Қазақстан облысында орақ науқаны басталды. Өңірде алғашқы болып көкпектілік шаруалар комбайндарын егістікке шығарды.

Осылайша күзгі қара бидайды жинап теру қызу қарқынмен жүріп жатыр. Жалпы ауданда 150 мың гектарға жуық жерге дәнді және майлы дақылдар егілген. Диқандар егіннің шығымына да риза.

Орақтың тісі облыста алғаш болып Көкпекті ауданындағы күзгі бидайға салынды.Қазір қырман басы қарбалас.Қожалық иесі кәсіби фермер  Қанат Садықов ертелі кеш егістік басында. Өткен күзде 250 гектар жерге егілген қара бидайды жинау қамымен әуре. Шығымы да жаман емес, әр гектардан 30 центнер  алмақ.

Қанат Садықов, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Қыста өте суық болды, 40 градусқа дейін аяз болды, қар аз болды.Соған қарағанда үсіп кете ме деп қорқып едік. Үсіген ештеңе жоқ. Шыққаны осы. Осындай егінге тап болдық, жетік, қуаныштымыз.

Күн райы кедергі болмаса апта соңына дейін қара бидай толықтай қамбаға құйылады.Орылған егістік орны бірден жыртылып, сабаны маяланып жатыр. Бұл келесі егін егу науқанына әзірлік.Жалпы өңірдегі шаруалардың бітік өнім алуына мемлекет те қамқорлық көрсетуде дейді сала мамандары.

Марат Теміржанов, Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары:

- Аудандарда минералды тыңайтқыштар алынды,гербицидтер,соның бәріне көмектесіп пайызына байланысты, субсидиялар төленіп жатыр және деинфестсубсидия дейді,алған техникаларына субсидия төленіп жатыр.

Айта кету керек, облыста биыл артық астықты көрші елге экспорттау мөлшерін арттыруға да  ерекше ден қойылған. Тіпті бұл үшін арнайы сертификат беретін зертхана салынбақ.

Ернар Рахметуллин, облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз биыл Қытай Халық Республикасының мамандарымен бірлесе отырып, осы Өскеменде карантиндік зертхана құрылысын бастадық. Ол жерде өнімдерге Қытай елінің стандарты бойынша сертификат беріледі. Қыркүйекте құрылыс аяқталса бірден іске кірісеміз. Бұл экспорт көрсеткішін арттыруға ықпал етеді.

Жалпы биыл аймақта 1 миллион 370  мың гектар жерге егін егілсе,оның ішінде дәнді дақылдар алып жатқан алқап 40 мың гектарға ұлғайған.

Авторлары: Э.Ахметова, Д.Пыхтин

Осы категория бойынша: « Денис Тенге арналған «Біздің Денис» кітабының электронды нұсқасы шықты Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы