374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 343
  • UPD: 19:55, 26.07.2018

20 сәуір мен 30 маусым аралығында  қоғамдық ұйымдардан 20-дан астам өтініш түскен болатын.

Нәтижесінде комиссия мүшелерінің шешімімен 3 жоба үздік деп танылды. 

Өмірдің ауыртпалығына мойымай, ертеңіне сеніммен қараған жандарға қолдау білдірген отандық кәсіпкерлер бүгін игі істері үшін қошеметке бөленді. Солардың бірі Эмин Әскеров. Ол "ГринТал" әлеуметтік жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. 

Бүгінде ол басқаратын кәсіпорында 40-қа жуық адам жұмыс істейді.

Эмин Әскеров, шеберхана басшысы:

- Бізде столяр цехы бар. Біз жиһаз шығарамыз және осы столяр цехының ішінде біз тек ғана мүгедек адамдарды жұмысқа орналастырамыз. Бізде қазір 32 адам жұмыс жасайды. Олардың арасында 27 адам мүгедек адам. Сондай себеппен біз уже 4-жыл осындай жұмыс атқарып жатырмыз.

Ал «Біздің ауланың чемпиондары» жобасы балаларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Үздік үштікке енген «Олимпионик» әлеуметтік қоры жас аяқдопшылар арасында түрлі жарыстар өткізіп келеді. 

2013 жылы құрылған қордың негізін қалаушы Зейнолла Ақан. 

Айта кетейік, биыл 5-рет ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» партиясы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қалалық әкімшілік пен жергілікті кәсіпкерлер ұйытқы болды. 

Владислав Сергеев, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

- Осы жылы Нұр Отан партиясы бұл конкурсты ұйымдастырып жатыр. Қоғамдық ұйымдардан 20 өтініш келді. Өте көп маңызды, қызықты жобалар бар. Яғни жұмыла көтерген жүк жеңіл деген қағиданы ұстана отырып, жұмысымызды әрі қарай да жандандыра түсуге атсалысуымыз керек.

Бас жүлде «Ардагер» қоғамдық қорына бұйырды. Осыдан тура 20 жыл бұрын құрылған ұйым егде жастағы азаматтарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді. Қызметті тегін ұсынатын орталықта семинарлар мен тренингтер, аптасына 3 рет би мен йога сабақтары өткізіледі. Осы қоғамдық қордың «Ұзақ өмір – Қазақстанның таңдауы» жобасының жетекшісі Баян Ахметжанова 1 млн теңге сыйақыға ие болды. 

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ғани Алшынбаев

Осы категория бойынша: « Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті Ерлікпен қаза тапқан боздақтың жерленген жері 75 жылдан кейін табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы