365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы көшелерінің келбеті өзгереді

  • 216
  • UPD: 20:56, 26.07.2018
Алматы көшелерінің келбеті өзгереді

Алматыда бір айдың ішінде 15 көшенің келбеті түбегейлі өзгеріп, жаяу жүргіншілер жолы кеңейеді.

Бұл жөнінде қалалық сәулет және құрылыс басқармасы мәлімдеді. Қазірдің өзінде шаһарда Қарасай, Бөгенбай және Қабанбай көшелерінде қозғалыс бір бағытқа ауыстырылды. Келесі айдан бастап жеті көше осындай тәртіпке көшіріліп, қосымша велосипедке арналған жолақтар пайда болады. Бұл көлік кептелісін азайтып, экологияны жақсартуға септігін тигізеді, -дейді мамандар. Сонымен қатар шаһарда ғимараттардың сыртқы келбетін бояуда ортақ үйлесім болуы шарт. Жалпы биылғы жарты жылдықта қалада 402 ғимараттың құрылысы басталды. Оның ішінде мектеп, балабақша, емхана сынды әлеуметтік нысандар бар. 

Алмасхан Ахметжанов, қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Осы аяқталатын жұмыстар биыл проспект Назарбаев, Абылайхан, Абай көшесі, Абай даңғылындағы, Республика Сарайының алды бітеді. Сол жерде детский площадкалар болады. Олар 1 қыркүйекке дейін салынып болады.

Осы категория бойынша: « Шымкенттік қария Өзбекстан қалаларын велосипедпен аралап жүр Бішкекте айы-күні жетпей туған сәби Таразға жеткізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы