370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облыстық балалар жұқпалы ауруханасының бас дәрігері жұмыстан босатылды

  • 210
  • UPD: 11:02, 27.07.2018

Жамбыл облыстық балалар инфекциялық ауруханасының медициналық қызмет көрсету сапасының сын көтермейтіні жөнінде тұрғындар тарапынан бірнеше арыз-шағым түскен.

Жергілікті әкімдіктің табан асты тексеруіне дайын болмаған аурухана санитарлық талаптарға сай болмай шықты. Мәселен, кейбір палаталарда емделушілерден алынған сынамалар сол күйі ұмыт қалдырылған. Аурухананың жеделсатылары да жұмыс істемейді. Дәрі құтылары құжаттарға арналған сөре маңында шашылып жатыр. Ал тоңазытқыштардағы көкөністер мен тамақтардың жарамдылығы мерзіміне сай емес болып шықты.

Хамит Мырзақасымов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Жамбыл облыстық балалар жұқпалы ауруханасының санитарлық жағдайына байланысты және көрсетілген медициналық көмектің сапасына байланысты Тараз қаласының тұрғынынан бірнеше рет шағым түскен болатын. Осы шағымдарға байланысты мекемені тексеру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар нәтижесінде шағымда көрсетілген фактілердің барлығы расталды. Осыған байланысты бас дәрігер өз еркімен жұмыстан босатылды.

Осы категория бойынша: « Қостанайда ыстық судың беруі тоқтатылады Маңғыстау облысында әдеп кодексін бұзғандар жауапкершілікке тартылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы