369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның коммуналдық компаниялары тарифпен шыққан артық төлемді тұтынушыларға қайтарады

  • 129
  • UPD: 08:15, 27.07.2018
ШҚО-ның коммуналдық компаниялары тарифпен шыққан артық төлемді тұтынушыларға қайтарады

Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар коммуналдық компания тұтынушыларға 157 миллион теңге қайтаратын болды.

Бұл тұрғындардың су мен жылуға төлеген қаражатын қайта есептеу нәтижесінде анықталды. Өткен қыста жергілікті жылыту орталығы халыққа алдын ала ұсынған тарифтен аз шығын жұмсаған. Өскемен мен Семей қалалары және Аягөз бен Күршім аудандары тұтынушыларының артық төлемдері қайта есептеліп, алдағы маусымдарда жылуды пайдаланған тариф көрсеткіштері есебінен қайтарылады.

Вера Болтовская, облыстық ТМРБҚ департаментінің бөлім басшысы:

– Егер үйде ортақ есептеу құралы болмаса, онда тұрғындар жалпыға ортақ бекітілген тариф көрсеткіші бойынша есеп айырысады. Ол маусымда берілген жылудың мөлшеріне байланысты төлем жасалады. Бұл әрине қыстағы ауа температурасына қатысты болады.

Осы категория бойынша: « Алматыдан шығарылған қоқыс үш гектар жерге жайылған СҚО-да бал аралары қырылып, омарташылар шығынға батуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы