367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтар екі мәрте жер сілкінісін сезінді

  • 140
  • UPD: 09:58, 27.07.2018
Алматылықтар екі мәрте жер сілкінісін сезінді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансалар желісі Алматыда 2-3 балдық екі жер сілкінісін тіркеді.

Жердің дүмпуі 26 шілде күні 23 сағат 29 минутта Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 109 км қашықтықта (Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шолақ ауылының маңы) тіркелген. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.4. Тербелісі - 5.4. MPV. Тереңдігі – 15 км. 

Алматыда жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді. Жер сілкінісі арада 3 минуттан соң сағат 23:32-те қайталанды. Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 111 шақырымда тіркелген. Зілзаланың энергетикалық класы - 12.1. Тербелісі - 5.7. Тереңдігі – 30 км.

Осы категория бойынша: « СҚО-да бал аралары қырылып, омарташылар шығынға батуда Семейдегі биологиялық орталықта туған пониға ат қою үшін балалар арасында байқау жарияланбақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы