374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

27 шілдеде қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын көре алады

  • 1071
  • UPD: 23:40, 27.07.2018

27 тамыздан 28 тамызға қараған түні қазақстандықтар сирек кездестін астрологиялық құбылыстың куәгері бола алады.

Бүгін түнде қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын тамашалай алады. Жұлдызшылардың айтуынша, бұл құбылысты еліміздің кез келген өңірінен тамашалауға мүмкін болады.


Айдың тұтылуы Астана уақыты бойынша 23:13 басталады. Жердің көлеңкесі Айдың шетіне 00:24-те тисе, бетін толығымен 01:30-да жабады. Толық тұтылу процесі 03:13-те аяқталып, Ай Жердің көлеңкесінен толығымен 4:19-да шығады.

«Айдың тұтылғанына жалаң көзбен қараудың еш қауіптілігі жоқ. Алайда психикалық ауытқушылығы бар адамдардың бұл құбылысты тамашалауына болмайды. Мұның әсерінен олардың мазасы кетіп, күйгелектеніп, депрессияға ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ бұл күні маңызды шешім қабылдамағандарыңыз дұрыс. Кикілжіңге жол бермеңіз», – деді астролог Арман Штатбаев.

Астрологтар бұл құбылысты «қанды тұтылу» деп атайды. Олардың айтуынша, Айдың тұтылуы Жер тұрғындарының өміріне әсер етуі мүмкін екендігін айтуда. Сонымен қатар ғалымдар бұл құбылыс 15-17 жылда бір кездесетінін, ендігі тұспа-тұс келуі 2035 жылы болатынын, Марсты жердегі телескоппен көруге мүмкіндік туатынын айтады.

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Ақтауда қолға алынған «Жартасты соқпақ» жобасы биыл аяқталады Қырғызстанның ЕО елдеріне экспорт көлемі бір жарым есеге артқан »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы