365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанның ЕО елдеріне экспорт көлемі бір жарым есеге артқан

  • 194
  • UPD: 11:30, 27.07.2018

Еуразиялық экономикалық одақта 6 негізгі азық-түлік жиынтығының бағасы бойынша Қырғызстан Қазақстаннан кейін екінші орынға жайғасты.

Мұндай көрсеткішке жетуге ауыл шаруашылығы саласындағы жаңашылдықтар әсер еткен.

Азық-түлік жиынтығына ең қажетті деген өнімдер кіреді. Ол сиыр, қой еті, сарымай, нан, картоп, бір литр сүт және он жұмыртқадан тұрады. Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда мұндай жиынтықтың ең арзаны 17 доллар 12 центті құрайды. Ал Қырғызстанда сәл қымбат – 17 доллар 45 цент. Ресейде азық-түлік жинағы 22 доллар 87 центке бағаланады. Бұл – ең қымбат көрсеткіш.

Малика Абдикадырова, ҚР Ұлттық статистика комитетінің басқарма басшысы:

– Сүт өнімдері және жеміс-жидектер сынды тауарлардың бағасы маусымға байланысты құбылып тұрады. Мысалы, былтырғы жылдың қаңтар айында көкөністердің бағасы қымбаттады. Ал бұл жылы жағдай керісінше.

Азық-түлік өнімдерінің өзге түрлері де айтарлықтай арзандаған. Оған бағаның маусымдық құбылуы әсер етпейді. Мәселен, ең арзан сарымай барлық ЕЭО елдері бойынша Қырғызстанда. Бұған қарап, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер еуразиялық нарықты меңгере бастағанын көруге болады. Өндірілетін өнім мен экспорт көлемі де артты.

Ольга Ильина, сатып алушы:

– Менің ойымша, тауардың бағасына емес, адамдардың кірісіне қарау керек. Өнім арзан делік. Егер адам соның өзін сатып ала алмайтындай жағдай болса ше? Қазақстан мен Ресейде өнімдердің бағасы қымбат, есесіне оларды сатып алатын тұрғындардың табысы жоғары.

Статистикалық деректерге сәйкес, соңғы екі жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі бір жарым есеге артты. Жергілікті тауарға деген сұраныс Қазақстан мен Ресей тарапынан болған. Мамандардың айтуынша, одаққа мүше елдер арасында осындай баға салыстыру үдерісін жиі жүргізіп тұру керек. Себебі тауардың бағасына барлық фактор әсер етеді. Әзірге баға тұрақты әрі тұтынушылар үшін қолжетімді болып тұр. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Осы категория бойынша: « 27 шілдеде қазақстандықтар ең ұзақ Айдың тұтылуын көре алады Астанада өтіп жатқан өңірлік көрме-байқауына 70-тен астам кәсіпкерлік құрылымның өнімдері қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы