365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада өтіп жатқан өңірлік көрме-байқауына 70-тен астам кәсіпкерлік құрылымның өнімдері қойылды

  • 201
Астанада өтіп жатқан өңірлік көрме-байқауына 70-тен астам кәсіпкерлік құрылымның өнімдері қойылды

Елордада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр.

Оған бас қаладағы 70-тен астам кәсіпкерлік құрылымның өнімдері қойылды. Дәстүрлі шара арқылы үздіктер анықталып, республикалық байқауға қатысады. Жалпы көрме 2006 жылдан бері өткізіледі. Содан бері қатысушы компаниялар саны да артып келеді. Солардың қатарында жақында ғана өндірісін бастаған елордалық кәсіпорындар да бар. Мәселен, дәнді-дақылдан сан түрлі сусын өндіретін серіктестік өз өнімдерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік алды. Айта кетейік, өңірлік байқау нәтижесі түс ауа белгілі болады. Дәлірек айтқанда, үш аталым бойынша үздік деп танылған 9 компания марапатталады.

Алмат Жүнісов, қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Биыл шараға жаңа компаниялар қатысып жатыр. Атап айтар болсақ, елордада белдік және галстук шығаратын серіктестер ашылды. Бүгін солардың өнімін көруге болады. Осындай өңірлер көрме-байқаулар еліміздің өзге де аймақтарында өтіп жатыр.

Осы категория бойынша: « Қырғызстанның ЕО елдеріне экспорт көлемі бір жарым есеге артқан Астанада 7 мыңнан астам адам гепатит індетіне шалдыққан »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы