374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайды биіктіктен тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқай салынады

  • 274
  • UPD: 14:44, 27.07.2018

Бурабай курортты аймағы енді өзінің көркем табиғатымен ғана емес, алыстан көз тартатын ақпараттық көрнекілігімен де мен мұндалап тұратын болады.

Щучинск қаласының жанындағы тау бөктерінде «Burabay» деген алып жазу пайда болды. Бұл әсіресе, Бурабайға Астана жақтан бет алған жолаушыларға анық көрінеді. Биіктігі 14, ал, ені 77 метр болатын нысанды тұрғызуға 20 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл шығынды жергілікті кәсіпкерлер көтерген. Қазірдің өзінде бұл жерге туристер естелік фотоға түсу үшін арнайы келеді. Ал келешекте осы маңайдан курортты өлкені биіктіктен тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқай салынады. Бұдан бөлек, Бурабайда туристерге бағыт-бағдар көрсететін ақпараттық тақтайшалар қатары да жыл сайын көбейіп келеді.

Шыңғыс Оразалин, «Бурабай» МҰТП ғылыми қызметкері:

– Осы жылы «Кенесары үңгірі», «Бөлектау», «Ханның қызыл ағашы» секілді жаңа бағыттарға ақпараттық тақтайшалар мен бағыттамалар ілінді. Одан бөлек, шағын архитектуралық формаларды да жасап жатырмыз. Бурабайда жалпы 29 туристік бағыт бар. Ондағы көрнекілік ақпараттар жыл сайын жаңартылып отырады.

Осы категория бойынша: « АҚШ кәсіпкері Қазақстанда туризм саласын дамытқысы келеді Петропавлдың тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы