365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдың тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды

  • 157
  • UPD: 15:11, 27.07.2018
Петропавлдың тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды

Петропавл қаласының тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды.

Оны қала тұрғыны Есіл өзенінің жағалауынан балық аулап жүріп тауып алған. «Бұл – ежелгі пілдің жамбас сүйегі мен мойын омыртқасы», – дейді археологтар. Мұз дәуірінде өмір сүрген жануардың қалдықтары ғасырлар бойы судың астында жатса да, бүлінбепті. Енді оны табиғат бөлімінің ғалымдары зерттейді. Бұл олжа – мұражай қоры үшін құнды жәдігер. Тарихшылардың айтуынша, мамонттар Солтүстік Қазақстан облысын мекендеген. Оның алғашқы сүйегі – азу тістері 1923 жылы табылған екен.

Әлия Үсенова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Бұл сүйектер арнайы жерде сақталып отыр. Кептіру керек. Содан кейін анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Осы категория бойынша: « Бурабайды биіктіктен тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқай салынады Елордада үздік тауар өндірушілер анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы