369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада үздік тауар өндірушілер анықталды

  • 270
  • UPD: 16:04, 27.07.2018

Бас қалада өткен өңірлік көрме-байқауда 70-тен аса кәсіпорын арасынан 9-ы озат деп танылып, республикалық сынға жолдама алды.

Үздіктер арасында азық-түлік өндіретін, құрылыс заттарын шығаратын және айти тауарларды нарыққа ұсынатын серіктестіктер бар. Жалпы көрме 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіледі. Содан бері қатысушы компаниялардың саны да артқан. Мәселен, биыл дәнді-дақылдан сан түрлі сусын өндіретін серіктестік өз өнімдерін алғаш рет көпшілікке таныстыруға мүмкіндік алды. Жалпы елордалық кәсіпорындар тұтынушылар сұранысын жан-жақты қанағаттандырып келеді. Олар бас қаладағы түрлі тауарларға деген тапсырыстың 40 пайызын өтейді. «Қалғаны өзге аймақтан тасымалданады», – дейді мамандар. Айта кетейік, үздік тауарлардың республикалық байқауы алдағы күз айларында өтуі тиіс.

Әбдірахым Төлендиев нан зауытының басшысы:

– Бүгінгі таңда тәулігіне 10 тоннаға дейін 37 түрлі нан өнімдерін шығарамыз. Болашақта түрін 50-ге жеткізбекшіміз. Міне, бүгін ең сапалы тауар өнімдерінің жеңімпазы атанып отырмыз.

Осы категория бойынша: « Петропавлдың тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Ж.Толыбаева 2 айға қамауға алынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы