368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық велотрекші Андрей Чугай Қытайдағы жарыстан қос алтын алқа тақты

  • 171
  • UPD: 18:37, 27.07.2018

Қазақстандық Андрей Чугай велотректен Қытайда өтіп жатқан халықаралық жарыста топ жарды.

Жерлесіміз спринт және кейрин бәсекелері бойынша алдына жан салмай, 2 бірдей алтын жүлде ұтып алды.

Айта кетейік, аспанасты еліндегі байрақты бәсекеде негізгі ұлттық құрама сынға түсіп жатыр. Ал жастар құрамасы алдағы демалыста Астанада өзара мықтыны анықтайды. 29 шілде күні «Сарыарқа» велотрегінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық чемпионат басталады. Жарысқа барлық өңірдің спортшылары қатысады деп күтіліп отыр.

Осы категория бойынша: « Астанадағы «Түнгі сот» жобасының нәтижелері жария етілді СҚО-да көлеңкелі бизнеспен күрес күшейтіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы