364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі саудагерлер сатып тұрған автобөлшектерді қайдан алғанын түсіндіре алмады

  • 195
  • UPD: 20:17, 27.07.2018

Шымкентте кең көлемді «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өтіп жатыр. Осыған орай бүгін полицейлер шаһардағы автобөлшек сататын базарды қоршауға алды.

Оған 200-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Жергілікті полиция қызметкерлері сағат оннан бастап «Тұлпар-2030» сауда орнын жауып, кірген-шыққаның бәрін мұқият тексерді. Полицейлер әсіресе автобөлшектердің құжатына баса назар аударып, ұрланған ұрланбағанын анықтады. Базарда бұрын қолданылған автобөлшек сататын 174 сауда нүктесі бар. Полицейлер сатушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы, яғни ұрланған бөлшектерді сату - қылмыстық жауапкершілікті жүктейтінін түсіндірді. Рейд барысында 63 азаматтың жеке басын анықтау үшін Абай аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Онда олардың түрлі заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілді. 37 саудагер бұрын қолданылған автобөлшекті қайдан алғанын түсіндіріп бере алмаған. Яғни қажетті құжаттары болмаған.

Руслан Арыстанбаев, Абай аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы:

- 37 сатушының бір де біреуінде төлқұжаты болмаған. Екіншіден, бір патент алған. Сатып отырған затын қайдан алғанын, не себепті қайдан сатып алғанын, құжаттандыру, пинкод номері бар, басқасы бар айтып бере аласыз ба дегенде сол сұраққа жауап бере алмады. Қандай жолдармен табылғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сатушы:

- Қолдан зат алмаймыз, алып келген затты бұл жерде алып қалмайды. Бұл жерде ешкім ақымақ емес. Бәрі оны біледі. Алып келген заттың арты таза ма, таза емес пе адамдар қазір ондай затты алмайды. Бәрі заңды біледі. Барлығы заңды дүниелерді вагоннан түсіп жатқан, құжатымен, растаможка жасап әкелген заттарды алады.

«Қауіпсіз қала» іс-шарасы аясында полицейлер екі күнде 892 нүктеге тексеру жүргізген. Оның ішінде 405 пәтер мен 378 жеке үй, 22 дүкен мен 13 жанармай бекеті және 39 тамақтану орны мен 5 базар және 9 ломбард тексерілген. Жедел тексеру жұмыстары нәижесінде 15 қылмыстың беті ашылып, 168 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Бұдан бөлек, темір қабылдайтын орындар мен ұялы телефон сататын дүңгіршіктер де тіркеуге алынады. Бұған 1000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылмақ. Негізгі мақсат - іздеуде жүрген күдіктілерді ұстап, түрлі қылмыстың алдын алу. Айта кетейік, жедел профилактикалық іс-шара 5 тамызға дейін жалғасады.

Осы категория бойынша: « СҚО-да көлеңкелі бизнеспен күрес күшейтіледі Қарағанды облысынан құнды жәдігерлер табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы