364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы батут оқиғасы: тараптар мәмілеге келуі мүмкін

  • 165
  • UPD: 21:14, 27.07.2018
Астанадағы батут оқиғасы: тараптар мәмілеге келуі мүмкін

Астана қаласындағы ақылы ойын алаңында болған оқыс жағдайға байланысты іс тараптардың мәмілеге келуімен аяқталуы мүмкін.

Бүгін осы оқиғаға қатысты сот отырысы өтті. Белгілі болғаны сотқа дейін де аттракцион иесі мен жарақат алған балалардың ата-анасы медиаторлардың араалсуымен өзара келісімге келген. Кәсіпкер қателігін мойындап отыр. Жәбірленушілерге материалдық және моралдық шығын төленген. Ал балалардың ата-анасы сотқа келген жоқ. Осыған байланысты судья Канат Әрінов тараптарды татуластыру туралы ұсынысты кейінге қалдырды.

Еске сала кетсек, 4 мамырда Астанадағы «Жаннұр» сауда үйінің аумағында балалар ойнап жүрген батутты жел ұшырып, төңкеріп тастаған еді. Үрлемелі ойын алаңы 20 метр жерге дейін ұшып кеткен. Түрлі жарақат алған 5 бала жедел ауруханаға жеткізілген. Сол кезде оның оның 4-еуі ауыр халде деген ақпарат тараған болатын.

Осы категория бойынша: « Түркістан және Ташкент облыстары арасындағы туризм жаңаша дамитын болады Ұлттық банк: Елімізде кепілге қойылған пәтерлерді жалға алуға болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы