365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Маңғыстау облысына 256 млрд теңге инвестиция тартылды

  • 241
  • UPD: 22:28, 27.07.2018

Биыл Маңғыстау облысына 6 пайыз өсіммен 256 млрд теңге инвестиция тартылды. Ақтаудағы мәслихат сессиясында аймақ әкімі Ералы Тоғжанов осылай мәлімдеді.

Өңір басшысы облыс депутаттары алдында бірінші жартыжылдық бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын, сондай-ақ Елбасы Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасынан туындаған нақты тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Шалғай өңірдің өткен 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң серпін бар. Жалпы құны 1,4 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Индустрияландыру картасы аясында 45 жоба сәтті жүзеге асып, 4 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін инвестициялық бағамы 19 млрд теңгені құрайтын тағы 6 жоба жүзеге асады.

Ералы Тоғжанов, облыс әкімі:

- 2018 жылы облыста құны 226 млрд теңге болатын 3 мың жұмыс орнын құру мен 18 жоба бүгінде жүзеге асуда. Оның ішінде Құрық портындағы паром кешені, құны 98 млрд.  «Құрық-порт Құрық» жолы 5 тамызда толықтай іске қосылады.

Облыс аумағында баспана салу қарқынды. Ағымдағы жылы 916 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне беріледі. Осы бағытқа 205 млрд теңге жұмсалуда. Қазіргі таңда бір адамды пәтермен қамту көрсеткіші 23 шаршы метрге жетіп отыр. 

Дмитрий Клинчев, облыс мәслихатының депутаты:

- Жалпы аумағы 659 шаршы метрге жуық тұрғын үйлер қолданысқа қосылуға жақын. Еліміз бойынша жылына бір адам басына шаққанда 0,31 шаршы метр баспана салынады. Басқа өңірлерге қарағанда біздің аймақта бұл көрсеткіш 1 шаршы метрден көп.

Биыл «Бизнестің Жол картасы» аясында 40 жоба 860 млн теңгедей қаржылай қолдау тапты. Енді кәсіп бастаған азаматтарға өңірлік «Нұр капитал» бағдарламасы сеп болуда. 110 жобаны жүзеге асыруға 2 млрд теңге қаралған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында жалпы сыйымдылығы 6300 орындық 9 мектеп пен 23 бөбекжай іске қосылмақ.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Осы категория бойынша: « Д.Теннің өлімінен кейін Алматыда көлік айнасының ұрлығы азайған жоқ ШҚО-да орман өрті тыйылмай тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы