365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денистің анасы журналистерден Тен әулетінің қазіргі жағдайына түсіністікпен қарауын өтінді

  • 257
  • UPD: 14:07, 28.07.2018

«Денис Теннің туыстарының атынан барлық Қазақстан халқы мен халықаралық қауымдастыққа қиын сәтте біздің қайғымызбен бөлісіп, отбасымызды қолдағаны үшін ризамыз. Әсіресе Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Президент әрқашан Денисті қолдап, көмек көрсетті. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен әкімдіктің қолдауын сезіндік».

Денис Теннің анасы Оксана Тен осылай деп жұртшылыққа мәлімдеме жасап, ризашылығын білдірді.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға болған сәттен бастап отандық және шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері көптеп хабарласқан. «Алайда Денистің қазасы есеңгіретіп, ой жинақтауға әлі де мүмкіндік берер емес. Сондықтан бәріміз үшін ортақ қайғыға түсіністікпен қарап, ұлымыздың асқақ атын ұлықтап, ол туралы шынайы естелікті сақтауға тырысайық», – деді Оксана Тен.

Айта кетейік, қазақ елінің даңқын аспандатып, жай оғындай жарқ етіп, өмірден озған Денис Теннің қазасына қайғырмаған жан жоқ. Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасында қола жүлдегер атанып, әлемнің айтулы спортшылары қатарынан ойып тұрып орын алған сайыпқыран еді. Ел спортында ғана емес, халықаралық деңгейде жарқ еткен жарық жұлдыз артында үлкен жеңісті жол қалдырды. Оның асқақ рухы, адами бейнесі халықтың жадында мәңгі сақтала бермек.

Осы категория бойынша: « Астанада «Адал жол» марафонының алдын ала қорытындысы жарияланды Ақтөбе облысында аптап ыстықтан дала өрті өршіп тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы