369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-ның ең шалғай ауданына жол салынбақ

  • 187
  • UPD: 13:18, 28.07.2018
БҚО-ның ең шалғай ауданына жол салынбақ

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында кең ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталмақ.

Биыл қаладан 600 шақырым жердегі Сайқын ауылында 5,6 шақырым жолға асфальт төселеді. Қажетті қаржыны Қарашығанақты игеруші инвесторлар бөлген. Ал келер жылы Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша тарихи мекенге жол құрылысы басталады. 3 жыл ішінде аудан аумағындағы республикалық маңызы бар 103 шақырым және Хан ордасы ауылына апаратын 21 шақырым жолды жөндеу көзделген. Қазір сметалық құжатты жасаушылар Ресейге қарасты теміржолдың мүмкіндіктерін бағалап, жергілікті құрылыс материалдарының сапасына талдау жасап жатыр. Бұл құрылыс құнын айтарлықтай арзандатуға мүмкіндік бермек.

Нұрлан Рақымжанов, Бөкей ордасы ауданының әкімі:

- Аудан орталығынан 40 шақырым жерде кіші Боғда дейміз, Жамантау дейміз, кен орны бар. Күні бүгін бұл жерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни қиыршық тасымыз асфальт жасау үшін пайдаға аса ма, аспай ма, сол тексеріледі. Бір айдан соң белгілі болады.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысы елорда әртістерін қарсы алады Алматыда инновациялық жылыжай кешені ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы