365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда инновациялық жылыжай кешені ашылды

  • 214
  • UPD: 13:39, 28.07.2018
Алматыда инновациялық жылыжай кешені ашылды

Жуырда отандық ғалымдар топырақсыз ортада тамаша өнім беретін жылыжай кешенін ойлап тапты.

Диас Тастанбеков аэропоника әдісін ұзақ зерттеп, ақыры ойын жүзеге асырды. Ол озық елдердің тәжірибесін елімізге әкеліп, тиімді әрі табиғи көкөніс өсіруге болатынын айтады. Топырақсыз өсе беретін көкөністер шығынсыз әдіс саналады. «Кез келген көкөністі үйде, тіпті пәтерден шықпай-ақ бөлме ішінде өсіруге әбден болады», – дейді жас ғалым. Мұндай технология Америка, Жапония, Сингапур, Малазия сыңды мемлекеттерде кеңінен қолданылып келеді. Диас Тастанбеков – 2017 жылы Қазақстанның «100 жаңа есімі» тізіміне енген 18 ғалымның бірі.

Диас Тастанбеков, ғалым:

- Егер өсімдікке қажетті орта қалыптастыра білсек, яғни көмірқышқыл газы, жылу, су және қорек берсек, кез келген көкөністі жылыжайда өсіруге болады. Бұл технология өте тиімді, шығыны аз, бірақ мол өнім алуға болады.

Осы категория бойынша: « БҚО-ның ең шалғай ауданына жол салынбақ Қарағанды облысында тігіншілер үшін ІТ-сыныптар ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы