370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қажылық сапарға елімізден 3 мың адам барады

  • 482
  • UPD: 14:38, 28.07.2018

Оларға бірыңғай үлгіде арнайы киім тігілді.

Сауд Арабиясында екі апта болатын отандастарымызға 18 туристік компания қызмет көрсетпек. «Бес парыздың біреуін өтеуге баратын қазақстандықтардың қауіпсіздігі басты назарда», – дейді сапарды ұйымдастырушылар.

Отандастарымыз биылғы үлкен қыжылыққа 14 тамыздан бастап аттанады. Олардың сапарын арнайы рұқсаты бар туристік компаниялар қамтамасыз етеді. Әуе рейстері тікелей Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан ұшады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, қажылыққа баратындарға жол сілтеп, қызмет көрсететіндер арнайы дайындықтан өткен.

Нұрқанат Байзақов, ҚМДБ қажылық бөлімінің қызметкері:

- Ұшу тікелей рейс арқылы жүзеге асады. Қойылатын талаптар жылдағыдай – төлқұжаттар, сонымен қатар менингитке қарсы вакцина салдыру. Сол туралы сертификат қолдарында болуы керек.

Өйткені Сауд Арабиясы эпидемиологиялық тұрғыдан қолайсыз 26 мемлекеттің қатарында. Сондықтан қажылық сапарға баратындарға менингитке қарсы екпе жасатқан жөн. «Оны сапардан кем дегенде 10 күн бұрын алу керек. Сонда ғана әсері болады», – дейді дәрігерлер.

Айнагүл Қуатбаева, «СЭС және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының бөлім басшысы:

- Сауда Арабиясы ең алдымен менингококк жұқпасына қарсы егуді немесе вакцинаны алуды талап етеді.

Айта кетейік, биыл Меккеге баратындар жаңа үлгідегі киіммен  қамтылады. Қажылық сапар шамамен 16-17 күнге созылады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында тігіншілер үшін ІТ-сыныптар ашылды Қостанай облысында ет өңдеу комбинаты салынып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы