374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда 200-ден астам сарбаз ант қабылдады

  • 343
  • UPD: 15:12, 28.07.2018
Қостанайда 200-ден астам сарбаз ант қабылдады

Отан қорғаушылар жас сарбаздармен толықты.

Бүгін Қостанайда әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Қазақстан Қарулы күштері қатарына іліккен 200-ден астам сарбаз қаланың орталығында, көпшілік алдында ел қорғауға әзір екендіктерін салтанатты түрде мәлімдеді. Бұл жолғы әскери борышын өтеушілер еліміздің төрт облысынан жиналған. Олар Отан алдындағы парызын Ұлттық ұлан сапында жүріп өтеп, қоғам тыныштығын күзетпек.

Құрбанәлі Елмұратов, cарбаздың туысы:

- Жамбыл облысынан менің інім Серік Сегізбай өзінің қызметтік борышын атқару үшін келіп отыр. Бүгінгі көңіл-күйіміз өте тамаша. 57 жаңа бөлім басшысымен ата-аналардың жиналысы болып өтті. Ол кісілердің сөзіне қарасақ, біздің балаларымыз үшін алаңдайтын ешнәрсе жоқ.

Бауыржан Шораев, 6697 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Әскерге шақырылғаннан кейін әскери дайындық өтіп жатыр. Осы дайындықтан кейін жалпы бөлімдерге бөлінеді. Бұл сарбаздар біздің 66/97 әскери бөлімінде қызмет етеді. Сондай-ақ Жітіқара қаласы, Қышмұрында қызметін атқаратын болады.

Осы категория бойынша: « Таразда оқушыларға арналған тегін ІТ-сынып ашылды Өскеменде ауаны тазартатын жаңа жүйе іске қосылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы