367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде ауаны тазартатын жаңа жүйе іске қосылады

  • 207
  • UPD: 17:35, 28.07.2018

Өскемендіктер кәріз құбырынан шығатын жағымсыз иістен құтылады.

Ол үшін қалалық су арнасы мекемесіндегі лас қалдықты залалсыздандыратын кешен толық жаңартылды. Бұрын кәрізден шыққан қалдық су бір жерге жиналып, сары батпаққа айналатын. Енді оған арнайы сұйықтық қосылып, иісі жоғалған соң арнайы қоршалған аумаққа төгіледі. Ал тазарту кешенінің жұмысы толықтай автоматтандырылады.

Өскеменнің батыс бөлігіндегі тұрғындар 20 жылдан астам кәріз жүйесінен шығатын жағымсыз иіске тұншығып келді. Экологтар да атқарушы билікке тазарату кешенін жаңартуды ескертумен жүрді. Дәл осы кәріз суы жиналатын шағын ауданға соңғы 10 жылда 60 мыңдай тұрғын қоныстанған. Алайда қалалық коммуналдық мекемеде тазарту жүйесін жаңартып, қолайлы технологияны қолдануға қаражат болмаған.

Елена Полянцева, облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:

– Бұл шағын ауданның тұрғындарынан арыз-шағым көп түседі. Әсіресе, осы шілде айында. Көбінесе осы аумақтағы батпақты тазалау кезінде жағымсыз иіс шағытын. Тіпті біздің орталық арнайы маман жіберіп, ауа құрамын зерттеген кездерде болды.

Өткен жылы ғалымдар жағымсыз иісті билогиялық жолмен жоғалтуды ұсынған. Батпақты су жиналған аумаққа көпжылдық шөп яғни жералмұрт егуді ұсынған. Ол өсімдік сол жердегі арам суға тамырланып, жер бетінен шыққан сабағы иісті өзіне сіңіреді. Алайда бұл жобаның тек алғашқы кезеңінің өзіне 20 миллион теңге қажет болған. Сонымен қатар нәтиже бере ме, жоқ па, ол тағы белгісіз болды. Сондықтан тазалау кешенін жаңғыртып, кәріз суын оқшаулап, арнайы сұйықтықпен иісін жоғалту жобасы бүгінге дейін Ресей мен Гернманияда жүзеге асып, өз нәтижесін берген. Бұрын арам су төгілетін аумақ техникамен тазартылса, енді автоматты жүйеге көшті.

Жаңа қондырғы 98 миллион теңге орнатылды. Әзірше басқа балама жоқ.  Ал батпақты арам судың иісін жояу үшін қолданылатын басқа  технология бірнеше есе қымбатқа  шыққан. 

Александр Гордеев, қалалық тазарту кешенінің директоры:

– Сулы оқшаулау технологиясы үнемді болды. Арам судың иісін жоғалатын сұйықтықты себетін қондырғы екі жарым метр биіктікке орнатылған. Ал дәл сол жердегі метостанция желдің қай бағытқа соғып тұрғанын брден анықтайды.

Тазарту кешені биыл толық жаңартылмақ. Одан соң кәріз суының құрамын залалсыздандыратын станция іске қосылады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин, Роман Родионов

Осы категория бойынша: « Қостанайда 200-ден астам сарбаз ант қабылдады Ақтөбе облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 20 мың адам интернетті игерді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы