365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 20 мың адам интернетті игерді

  • 228
  • UPD: 18:28, 28.07.2018

Ақтөбе облысында интернетті игерген азаматтар қатары 20 мың адамға толықты.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрғындар ақысыз оқытылады. Бұл жоба облыс орталығынан бөлек 12 ауданда қолға алынған.

Зейнет жасына жеткен Жаңғақ Аталықова компьютер тілін игеріп жүр. Бірінші кезекте мемлекеттік қызметтерді жетік білуді ойлайды. Түрлі мекеме табалдырығын тоздырып, кезекте уақыт жоғалтудың орнына санаулы минутта үйде отырып-ақ, қажетті құжаттарға қол жеткізуге ниетті.

Жаңғақ Аталықова, Алға қаласы тұрғыны:

– Үйренгенім өте көп. Енді үйден шықпай, мекемеге жүгірмей, құжаттарды өзім дайындай аламын. Балабақшаға құжаттарымды дайындау үйден шығарып ала аламын. Ұйымдастырушыларға өте ризамын.

Алға ауданында халықтың цифрлық саланы меңгеруі үшін жергілікті колледжде арнайы дәріс кабинетін ұйымдастырған. Әрбір топта 15 адамнан. Ақысыз білім беру сабақтары 16 сағатқа созылады. Бірінші кезекте әлеуметтік әлсіз топ назарда.

Әнуарбек Қонжар, Алға ауданы әкімінің орынбасары:

– Жалпы аудан бойынша үш ай мерзімде жұмыссыз азаматтар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардан мың жарым адамды оқыту жоспарланды.

Заман ағымына ілесіп, цифрлық технологияларды игерудің қажеттілігін Елбасы өз Жолдауында айтқан болатын. Мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір саласы да соған бағытталған. Бұл курстарға келген азамат 8 сағат ішінде «Е-gov» веб-парақшасын игеріп, электрондық үкіметтің қолданушысы болып шығады.

Шыңғыс Нұржігіт, облыс әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы:

– Ағымдағы жылдың сәуір айында 220 тренерді арнайы оқытудан өткізген болатынбыз. Сол тренерлер ағымдағы жылдың бірінші маусымы мен 31 тамыз аралығында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыратын болады. Қазіргі таңда бізде 20 мың халық курстарын аяқтады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін ел тұрғындарының 80 пайызына дәріс беру көзделген. Олар әлемдік жүйені еркін меңгеріп, қажетті ақпаратты интернет бетінен алуға қауқарлы болады. Ал азаматтардың 95 пайызы цифрлық теле-радиомен қамтамасыз етілуі тиіс.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Осы категория бойынша: « Өскеменде ауаны тазартатын жаңа жүйе іске қосылады Астанада тағы бір «Bus lane» жолағы пайда болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы