371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналық полицейлер қаладағы көңіл көтеру орындарын тексеріп жатыр

  • 189
  • UPD: 19:24, 28.07.2018

Елордалық тәртіп сақшылары бас шаһарымыздағы көңіл көтеру орталықтарын тексеріп жатыр.

Бұл шара қала тұрғындарынан түскен шағымдарға байланысты жүргізілген. Көпшіліктің айтуынша, Астанадағы дәмхана, мейрамхана мен түнгі клубтарда жұмыс істейтін қызметкерлердің құжаттары жоқ. Кешегі рейд кезінде дәмхана қызметкерлері үшін тәртіп сақшыларының тексеріспен келуі күтпеген жағдай болды. Нәтижесінде бір ғана дәмханада жұмыс істейтін өзбекстандық 3 азаматтың ешқандай құжаты жоқ болып шықты. Көші-қон заңы бойынша тіркелмек түгілі, жеке бастарын куәландыратын төлқұжаттары да жоқ. Сондай-ақ кейбір мекемелерде кәмелеттік жасқа толмағандар жұмыс істейді. Олармен еңбек келісімшарты да жасалмайды. Мамандардың айтуынша, қазір жалған санитарлық кітапша қолдануға байланысты бірнеше іс қаралып жатыр.

Софья Қылышбекова, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Кейбір орындарда қызметкерлер жалған медициналық кітапшалармен жұмыс істейді. Бүгінгі рейдтің мақсаты – оларды анықтап, түрлі заңсыздықтардың алдын алу. Рейдтің нәтижесі бойынша жауапты тұлғалар анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Осы категория бойынша: « Астанада тағы бір «Bus lane» жолағы пайда болады Жезқазғандық тұрғын ауласын «Диснейлендке» айналдырмақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы