369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазғандық тұрғын ауласын «Диснейлендке» айналдырмақ

  • 154
  • UPD: 19:43, 28.07.2018

Жезқазғанда Виталий Хлебовтың ауласын қала тұрғындары «Диснейленд» деп атайды.

Қолөнер шебері тұратын аулада динозаврлар, сондай-ақ Оңтүстік Америка және отандық тарихтан сыр шертетін мүсіндер орнатылған.

Осыдан 15 жыл бұрын Виталий далада фотостудия ашуды армандаған. «Ол әлі де болса жоспарда», – дейді шебер. Қазір шебердің әсем ауласы Жезқазған қаласының көрікті жерінің біріне айналды. Оның алғашқы туындысы – 4 метрлік Рекс динозавры.

Виталий Хлебов, Жезқазған қаласының тұрғыны:

– Қазба жұмыстарынан табылған 40 тоннаға жуық заттарды қолдандым. Кейбір адамдар маған «Неге аулаңда картоп отырғызып тастамадың?» деп айтады. Ал мен жақын маңдағы адамдардың көзіне қуаныш сыйлағым келеді.

Қолөнер шебері туындыларын ағаш пен пенопластан жасайды. Бұл материалдар жеңіл және температуралық қысымға төзімді. Қазір көрікті аулаға келіп, фотоға түсушілер көп. Ал мұндай тәжірибені бойларына сіңірген көршілер, өз аулаларын да әшекейлендірмек.

Надежда Урихина, Жезқазған қаласының тұрғыны:

– Әзірге аздап абаттандырылып жатырмыз. Келген адамдардың бәріне ұнайды. Бізге келгендердің барлығы ауланы қарауға барады. Динозаврдың өзі бір керемет.

Шебер қазір түрлі тәжірибелік жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Әрдайым жаңа материалдар мен технологияларды меңгереді. Виталийдің өмірдегі ең маңызды тапсырысы Швецияда орындалған. Ол онда ағаштан бағалы орындық жасаған екен. Ал бүгінгі таңда аула экспозициясын жаңарту жоспарын мақсат етіп отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Осы категория бойынша: « Астаналық полицейлер қаладағы көңіл көтеру орындарын тексеріп жатыр «Сібір миссиясы» Қазақстандағы литвалықтар жер аударылған орындарды аралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы