365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сібір миссиясы» Қазақстандағы литвалықтар жер аударылған орындарды аралады

  • 230
«Сібір миссиясы» Қазақстандағы литвалықтар жер аударылған орындарды аралады

«Сібір миссиясы» экспедициясы Қазақстанға жетті.

Жоба аясында Литвадан келген еріктілер елімізге жер аударылған жерлестерінің зиратына барды. Олардың ұрпақтарымен кездесті. Экспедиция бас-аяғы 10 күннің ішінде Қарағанды, Жезқазған және Балқаш өңірлерін аралап үлгерген. Енді бүгін Астанадағы ұлттық кітапханада сапар қорытындысын жариялады. Белгілі болғаны, 1941 жылдың маусымындағы көтерілістен кейін Қазақстанға мәжбүрлеп қоныс аударған литвалықтар көп. Солардың 200-іне қатысты ақпараттар нақтыланып, тың деректер табылған.

Әділет Дүйсенбиев, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызмет басшысының орынбасары:

– Литва Республикасынан жер аударылған азаматтар туралы ақпарат болмаған, сол қиын-қыстау кезеңде 50 мыңнан аса адам келген. Мақсаттары – солардың ұрпақтарымен кездесу. Жерленген жерін тазалап жүр, сонымен қатар Қазақстан мен Литва арасындағы ықтымақтастықты дамыту бойынша келіп отыр.

Осы категория бойынша: « Жезқазғандық тұрғын ауласын «Диснейлендке» айналдырмақ Актер Асылболат Смағұлов туған жерінде жеке суреттер көрмесін ашты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы