365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Қорғаныс министрі Ресейде халықаралық әскери ойындардың ашылуына қатысты

  • 283
  • UPD: 23:29, 28.07.2018

Ресейдің Алабино полигонында төртінші халықаралық әскери ойындар басталды.

Онда 32 елден келген 189 команда бақ сынайды. Сайыс 7 мемлекетте орналасқан 7 полигонда қатар өтіп жатыр. «Отандастарымыз байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінетін команда тізімінде», – дейді мамандар. Өйткені өткен жылы қазақстандық әскерилер командалық есепте 2-орыннан көрінген.

Жерлестеріміз 28 сайыстың 17-іне қатысады. Байрақты бәсекеде топ жарудан үмітті. Бастысы тапсырмаларды қателеспей, жылдам орындау міндет.

Бірнеше мемлекетте өтіп жатқан шараға жерлестеріміз қызу дайындықпен келді. Мәселен, Новосібірдегі әскери барлау сайысында қазақстандықтар шеберлігімен көзге түсті. Ал Әзербайжандағы теңіз жарысында «Маңғыстау» зымыран - артиллериялық кемесі жүр. Мотоатқыштар Қытайда өзара мықтыны анықтап жатыр.

Әділбек Алдабергенов, ҚР Қарулы күштерінің өкілі:

– Бұл ойындардың негізгі мақсаты – қатысушы елдер арасындағы әскери күштердің ынтымақтастығын арттыру. Бұдан бөлек, сарбаздар өзара тәжірибе алмасады.

Биыл байрақты бәсекеге 5 мыңнан аса әскери қатысып жатыр. Олар 189 командаға бөлінген. Олардың ішінде сириялық сарбаздар да бар.

Хасан Сулейман,- Сирия әскерінің генаралы:

– Сирияда соғыс аяқталмай тұр. Бірақ соған қарамастан, әскери ойындарға қатысуға бел будық. Біз бірінші рет қатысып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, біздің еліміз 7 жылдан бері террористік шабуылдардан көз ашпады. Сондықтан әскери ойындар сириялық әскерилердің кәсіби мықтылығын көрсетіп, шыңдалуға таптырмас мүмкіндік.

Халықаралық әскери ойындар 7 елдің аумағында өтіп жатыр. Шара екі аптаға жалғасады. Ал сайыстың жеңімпаздары 11 тамызда белгілі болады.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Осы категория бойынша: « Бурабайда жас геологтар олимпиадасы басталды Дәурен Абаев: Блокчейн Қазақстан үшін маңызды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы