364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында 146 елді мекен аумағы өзгертіледі

  • 237
  • UPD: 07:36, 29.07.2018
Қызылорда облысында 146 елді мекен аумағы өзгертіледі

Қызылорда облысында даму потенциалы жоғары 146 елді мекеннің шекарасы өзгертіліп, қайта бекітілу үстінде.

Тұрғындардың жер теліміне және жеке мал жаюға қосымша жайылымдарға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ауылдардың аумағы үлкейтіліп жатыр. Жалпы жер реформасына сәйкес шабындық, жайылымдық және егіс алқаптары толық түгендеуден өткізілді. Нәтижесінде әділет органдарындағы құқықтық базадағы көрсеткіштермен салыстырғанда, біраз айырмашылықтар анықталған. Қазір оның 70-80 пайызы ретке келтірілді. Пайдаланылмай жатқан 136 мың гектар жер анықталып, 24 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Тиісті шаралардан кейін қалған аумақтардың меншік иелері қайта пайдалануға кіріскен. Енді биыл өнеркәсіп және ерекше қорғалатын аумақтарға түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Келер жылы орман, су қорына тиесілі телімдердің нақты өлшемдері жасалады. Жүйелі тексеріс нәтижесінде соңғы 4 жылда 400 мың гектар жер агроайналымға енгізілді. Оның 20 мың гектары егістікке берілген. Ағымдағы жылы тағы 80 мың гектар жер әлеуеті жоғары ауылдардың шаруаларына аукцион арқылы үлестіріледі.    

Сұлушаш Айтбаева, облыстық Жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

- 2017 жылы 29 елді мекен шекаралары бекітіліп, қайтадан өзгертілді. 2018 жылы 41 елді мекен шекарасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Оған аудандық бюджеттерден 38 млн тг қаржы қаралды. 2019 жылға біз 76 елді мекен белгілеуді жоспарлап отырмыз. Оған 85 млн тг қаржы қажет, оған жұмыс жасалуда.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында кәсіпкерлік саласына күш салынуда Алматы облысында 12 мың адам цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы