374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда 21 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

  • 202
  • UPD: 14:06, 29.07.2018

Биыл Атырауда «Тұрғын үй қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында 21 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын.

Оған жергілікті бюджеттен 430 млн теңге бөлінген. Күні бүгін терможаңғырту жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Жөндеу барысында тек ғимаратты әктеп-сырлау ғана емес, барлық коммуникация жүйесі, шатыры толықтай жаңартылады. Сондай-ақ көпқабатты үйлерге заманауи жылу есептегіштер де орнатылуда. Бұл озық технология енді тұрғындардың жылу үшін төлейтін қаржысын азайтады. Терможаңғырту жүріп жатқан үйлердің іргетасы 1970-80-жылдары қаланған. Күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйекке дейін аяқталады деп күтілуде.

Рүстем Қабдол, «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директорының орынбасары:

- Биыл 8 үй күрделі жөндеуден өтеді. Оның 4 үйге қайтарымды қаражатқа жасалып отыр. Биыл тағы да 13 үйді жасауды жоспарлап отырмыз. Олардың жетеуі күрделі жөндеуді жұмыстарды талап ететін тұрғын үйлер, алтауының жеделсатысы жаңартылады. Олар – Момышұлы көшесіндегі 3 үй, Сәтпаев көшесіндегі 3 үй және 52,54,56 үйлер.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында 215 ауыл тұрғыны кәсіп ашу курсын аяқтайды Қарағанды облысында мектептерді жөндеуге 6 млрд теңге бөлінген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы