364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда биыл 3 білім ордасы күрделі жөндеуден өтеді

  • 175
Оралда биыл 3 білім ордасы күрделі жөндеуден өтеді

Оралда жергілікті бюджеттен мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жөндеу жұмыстарына 670 млн теңге қаржы бөлінді.

Былтырғы жылы өңірде білім беретін 17 нысан жөндеуден өткізілген. Биыл 3 оқу ордасы күрделі жөндеуден өтеді. Білім күні қарсаңында оқушыларға облыстың 380 мектебі есік ашады. Солардың бірі – 1100 орындық Орал қаласының нөмірі 19 мектебі. Бой көтергеніне 50 жыл болған мектепте күрделі жөндеу алғаш рет жасалып отыр. Инженерлік жүйелері толық ауыстырылып, жаңа акт залы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ мектеп жанындағы шағын-орталық та жаңартылады. Жөндеу жұмыстарына 262 миллион теңге қаралған.

Эльмира Қаресова, №19 мектеп директорының орынбасары:

– Барлығы, есік-терезелер, едендер өнделуде. Сонымен қоса акт залы салынып жатыр.

Зәуре Ғұмарова облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

– Облыс көлемінде 6 білім объектісі пайдалануға беріледі, оның ішінде үшеуі мектеп. Біреуі саз мектебі, мектеп жанындағы жатақхана, бір балабақша. Сонымен қатар биыл жергілікті бюджеттің есебінен 3 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осы категория бойынша: « Баянауылдан еліміздің 4 қаласына әуе қатынасы ашылады Жамбыл облысында шегірткеге қарсы шаралар аяқталуға жақын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы