367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 7 мектеп қолданысқа беріледі

  • 255
  • UPD: 07:28, 30.07.2018

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа 17 мектеп салынады.

Ал жергілікті бюджет есебінен тағы 9 білім ордасы бой көтереді. Бұл мақсатқа биыл 11 миллиард теңге қаржы бөлінген. Ал өңірдегі оқу мекемелерін күрделі жөндеудан өткізуге бір жарым миллиард теңге қарастырылды. Бірінші кезекте ескірген шатырлар жаңартылып, жылыту жүйесі жөнге келтіріледі. 1 қыркүйекке дейін 7 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Ал жыл соңына дейін тағы 6 білім мекемесінің құрылысы аяқталады.

Ләззәт Оразбаева,  облыстық білім беру басқармасының жетекшісі: 

- Облыс бойынша екі авариялы мектеп бар. Ол Мұғалжар ауданыныда. Ол биылғы жылы жабылады деп жоспарлап отырмыз. Сол сияқты. Үш кезеңді мектеп бар. Оның 14-і биылғы жылы жабылады. 19 жылы тағы да алты мектептің құрылысы басталады. Оның үшеуі Ақтөбе қаласында. Қалғаны аудан орталықтарында.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде кірпіш тапшылығы құрылысқа кедергі болып отыр Қызылорданың бас жоспарына бірқатар өзгеріс енгізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы