368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы ауылдардың 97 пайызы таза сумен қамтылады

  • 193
  • UPD: 08:33, 30.07.2018

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 жыл ішінде алыстағы ауыл-аймақтың 97 пайызы ауыз сумен қамтылады.

Сала басшыларының мәлімдеуінше, бұл мақсатқа 103 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Мәселен, қазір Көкпекті ауданының 4 бірдей ауылында қызу жұмыс жүріп жатыр. Ақбұлақ бағдарламасы шеңберінде екі ауылдың су құбыры жөнделуде. Ал Бастаушы және Теректі ауылдарында су құбыры желісінің құрылысы басталды. 200-ге жуық отбасыдан құралған теректіліктер талай жылдан бері ащы су ішіп, тіршілік нәрінің тапшылығын тартып келген еді. Енді міне 40 метрлік тереңдіктен шыққан таза су 11 шақырымдық құбырмен үй-үйдің жанына дейін жеткізіледі. Көптен күткен бұл құрылысқа 300 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Қайрат Ахметқалиев, Теректі ауылының әкімі:

- Қазір магистральді жолдағы 7 шақырым бітті, 171 үйге су кіру керек соның 90 үйіне су кірді. Бұлар жоспардан озып келе жатыр, тамыз айының аяғына қарай бітіреміз деп отыр.

Осы категория бойынша: « Семейде жылу маусымына дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр Елордада әуесқойлар арасында футболдан чемпионат аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы