364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада әуесқойлар арасында футболдан чемпионат аяқталды

  • 205
  • UPD: 09:30, 30.07.2018

Елордада әуесқойлар арасында шағын футболдан алтыншы мәрте өткізілген ел чемпионаты аяқталды.

Әр өңірден жиналған аяқдопшылар өзара мықтылық байқасқан бәсекеде қарағандылық «Биосфера» командасы үздік атанды. Финалдық ойында кеншілер қаласынан келген ұжым сырбойылық «Зенит» клубын 2:1 есебімен жеңді. Яғни, екінші орынды қызылордалық аяқдопшылар иеленсе, үздік үштіктен тағы бір қарағандылық команда «Арселор миттал» мен астаналық «Бірлік» көрінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар енді өздері секілді әуесқойлар арасында өтетін Еуропа біріншілігіне қатысады. Айта кетейік, бұл жолғы чемпионатта 32 команда бақ сынады.

Ерлан Жарылқасынов, Қазақстан әуесқой футбол лигасының төрағасы:

- 2008 де 4 командамен бастағанбыз. Сол төрт команда биыл 360 команда бар. Астанада 90 команда бар. Жыл сайын чемпиондар мини евро деген бар. Соған апарамыз. Үш жолдама ойнатамыз. 

Сондай-ақ елорданың шағын футболдан «Көктем-2018» атты ішкі лигасы да өз мәресіне жетті. Үш айға жалғасқан жарыс қорытындысында 5 бірдей деңгейге бөлінген біріншілік жеңімпаздары анықталды. Айта кетейік, әуесқойлар сайысына биыл бірінші рет «Хабар» командасы да қатысып, «С» лигасында үшінші орынды иеленді.

Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» командасының капитаны:

- Бақ лига деген жарыс бар. Журналистер арасында. Біз үшін бір жаңа белесті бағындыру керек болды. Осы жақта барынша ынта-жігерімізбен ойнайық деп әуесқойлар лигасына өттік. Д емес, бірден С лигасында ойнауға мүмкіндік берді. Бақ лигасының чемпионы есебінде. Және қолдан келгенше ойнадық. «В» лигасына жолдама алдық.

Осы категория бойынша: « ШҚО-дағы ауылдардың 97 пайызы таза сумен қамтылады Таразда тараптардың сотқа дейін татуласу мәселесі талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы