374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорған-Өскемен жолының құрылысы қыркүйекте басталады

  • 206
  • UPD: 14:20, 30.07.2018

Талдықорған–Өскемен автожолы аймақаралық байланысқа жаңаша серпін береді. Барыс-келіс пен алыс-беріс бұрынғыдан да жандана түседі.

Әсіресе  айдынды Алакөлге шомылуды қалайтындар  үшін ыңғайлы болмақ. Көптен бері айтылып келе жатқан маңызды құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамалары жасалып жатыр. Ал жол құрылысы қыркүйек айында басталады.

Суы шипалы, ауасы таза Алакөлге барып тынығу әркімнің-ақ арманы. Өкінішке орай, жол нашар. Тасымал жұмыстарымен айналысатындарға да оңай емес. Көлігі сынады, қосалқы бөлшек іздеумен уақыты кетеді. Семейлік Алмас Тілеубековтің осы жолды шиырлап жүргеніне 10 жылдан асқан.

Алмас Тілеубеков, көлік жүргізуші:

- Экономиканы көтеру үшін мысалы жол жақсы болса, елдің бәрі келеді. Ал жол нашар болғаннан ейін кім келгісі келеді. Біз 48 сағатта мынау Үшаралға жете алмай тұрмыз ғой. 400 ғана шақырымдағы Үшаралға 2 күн жүреміз. Сол сияқты кішкене жолға көңіл бөлсе, ал қалғанының бәрі жақсы болар еді.

Жақсы болу үшін үкімет қаракетін жасап жатыр. Алматы-Талдықорған аралығындағы айнадай жол енді Талдықорған-Өскемен бағытына да салынады. Ұзақтығы 763 шақырым. Оның 312 шақырымы Алматы облысының Ескелді, Ақсу, Сарқан, және Алакөл аудандары арқылы өтеді. Жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға былтырғы қарашада рұқсат берілген. Жұмысты тоқтаусыз жүргізу үшін әр нысанның өзінде жол зертханалары ашылады, жатақханалар, асханалар орналасады. Жалпы мерзімі 54 айға созылатын жобаны жүзеге асыруға тек Алматы облысының өзінен 1 мыңға жуық адам атсалысады. Олардың 90 пайызы жергілікті тұрғындар болады. Жолдың Талдықорғаннан Ақсу ауданына дейінгі аралығындағы 32 шақырымы 4 жолақты, одан арғы 280 шақырымы 2 жолақты болмақ.

Серік Керімқұлов, «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Алматы облысы бойынша дирекциясының басшысы:

- Үшаралдан ары қарай жаңағы Шығыс Қазақстан облысына дейінгі жерде 51 километрдің құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Енді осы мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алғаннан кейін біз ол жақты бастай береміз.

Сонымен жол құрылысын бастауға санаулы уақыт қалды. Оның толық аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.

Айта кетейік, жұмыстарды 2 шетелдік және 1 қазақстандық компания жүргізеді.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында астан уланған кеншілерден сальмонеллез табылды Зерендіде кәсіпкерлер көп қабатты тұрғын үй құрылысын қолға алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы